БҚО-ның екі тұрғыны заңсыз қызметтері үшін сотталды

Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны құқыққа қайшы әрекеттер салдарынан бюджетке 249,8 миллион теңге залал келтірілген. Сот сотталушылардың әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

фото: gov.kz

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, олар тауарларды нақты жеткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей, жалған шот-фактураларды жүйелі түрде жазып беру схемасын ұйымдастырып, қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушылардың бірі бұған дейін осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, бірнеше жыл бойы өзінің таныстарына тіркелген екі кәсіпорынды пайдаланып, заңсыз қызметін жалғастырған. Әуелі ол таныстарына тіркелген кәсіпорындардың электрондық кілттері мен мөрлеріне қол жеткізіп, жалған шот-фактураларды рәсімдеуді ұйымдастырған. Бұл ретте компаниялар іс жүзінде мәлімделген қызметпен айналыспаған. Оған қоса қажетті активтері, көлігі, қойма үй-жайлары, қызметкерлері мен нақты өнім берушілері болмаған.

Жалған операциялар бойынша айналым 964,3 млн теңгеге жеткен.

Өз қызметі үшін сотталушы жазып берілген жалған шот-фактуралар сомасының шамамен 5 пайызы мөлшерінде сыйақы алған. Кейін түскен қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыйақы сомасы шегеріліп, контрагенттерге қайтарылған.

Бір кәсіпорынның атынан шот-фактураларды жазып беру ісін жүзеге асыруға оның танысы көмектескен. ЖШС-ның ресми басшысы болған ол қажетті құжаттарға қол қойып, түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысқан. Схемаға қатысқаны үшін ол да ақшалай сыйақы алған.

— Құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 249,8 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Сот сотталушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, — деп хабарлады ведомстводан. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.18 ℃
Днем4.11 ℃
Вечером4.23 ℃
Ночью1.91 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.16 ℃
Днем2.55 ℃
Вечером0.17 ℃
Ночью-2.19 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.31 м/с