Ескі көлігін тапсырған қазақстандықтарға 750 мың теңгеге дейін сертификат беріледі

Қазақстанда ескі автомобильдерді кәдеге жарату бағдарламасын биыл қайта іске қосу жоспарланып отыр.

 Фото: baq.kz

Көлігін утильге өткізген азаматтарға жаңа машина сатып алуға арналған жеңілдік сертификаты беріледі. Оның мөлшері тапсырылған көліктің санатына қарай 315 мыңнан 750 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сертификат мөлшері көлік санатына байланысты

«Жасыл даму» компаниясының мәліметінше, жеңілдік сертификаттарының мынадай мөлшері қарастырылған:

M1 санатындағы жеңіл автомобильдерге – 315 мың теңге;

M2 санатындағы жолаушылар көлігіне – 550 мың теңге;

N1 және N2 санатындағы жүк көліктеріне – 550 мың теңге;

M3 санатындағы ірі жолаушылар көлігіне – 750 мың теңге;

N3 санатындағы ауыр жүк көліктеріне – 750 мың теңге.

Сертификат ескі көлік кәдеге жаратуға тапсырылғаннан кейін беріледі. Оны жаңа автомобиль сатып алу кезінде жеңілдік ретінде пайдалануға болады.

Утильалым қаражаты қайда жұмсалады

Бағдарламаны жаңарту аясында кәдеге жарату алымынан түсетін қаражатты пайдалану тәртібі де өзгермек.

Экология мәселелеріне қатысты заңда аталған қаражаттың бір бөлігін орман өрттерінің алдын алу шараларына және орман шаруашылығы мекемелерін қажетті техникамен жабдықтауға бағыттау қарастырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.15 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с