БҚО-да алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды

Тінту барысында күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM-карталар мен банк карталары тәркіленді.

БҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасауға күдікті дропперлерді іздеп, тартумен айналысқан азаматтың заңсыз әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдіктінің белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды тауып, оларға ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталды. Ол аталған адамдарға банктен есепшоттар мен карталарды ресімдеп, верификациядан өтіп, кейін сол адамның есепшотын қолдануды өзіне беруді ұсынған.

Барлығы 40-қа жуық дроппер анықталды. Кейін олардың банктік есепшоттары мен карталары азаматтардан интернет-алаяқтық арқылы ұрланған ақшалай қаражатты аудару үшін пайдаланылған.

Тінту барысында күдіктіден 732 мың теңге, 14 телефон, SIM-карталар мен банк карталары тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпас шараны санкциялады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, қосымша эпизодтар мен дропперлік қызметке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с