Оралда оталған ағаштардың орнына өтемдік көшеттер отырғызу нәтижесі неге көңіл көншітпейді

Орал қаласында оталған ағаштардың орнына өтемдік көшеттер отырғызу мәселесі экологтарды алаңдатып отыр.

zhaloby_uralsk_official парақшасынан

«Батыс Қазақстан экологиялық географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дархан Сариевтің мәлім еткеніндей, жуырда экологтар Зачаган кентіндегі Орал-Саратов трассасы бойында «Меркурий» сауда үйі (қазір «Мастер дом») маңындағы өтемдік көшеттер отырғызылған алқапты тексеріп шыққан болатын.

 Оралда оталған ағаштардың орнына өтемдік көшеттер отырғызу нәтижесі неге көңіл көншітпейді
Фото: Дархан Сариев

— Егілген тал-теректердің бәрі қурап кеткен. Суарылмайтын маң далада ағаш отырғызу жөніндегі шешімді кім қабылдаған, бұл жергілікті атқарушы органдар тарапынан жасыл желекке салғырт көзқарастың нәтижесі деп білеміз. Қазіргі кезде «Ақжайық» шағынауданын Орал қаласымен жалғастыратын жаңа көпір құрылысы басталып жатқаны белгілі. Соған орай 1 мыңнан астам ағаш кесілмекші. Соның орнына 10 мыңнан астам өтемдік көшет отырғызылуы керек. Сауда үйін салған кездегі жағдайдың кебін кимес үшін біз бұған қоғамдық бақылау орнатудамыз. Шын мәнісінде нақты жоба жасап, оны дұрыстап жүзеге асыра білсе, өтемдік көшеттер есебінен Орал қаласын көгалдандыруға болады, — дейді Д.Сариев.

 Оралда оталған ағаштардың орнына өтемдік көшеттер отырғызу нәтижесі неге көңіл көншітпейді
Фото: Дархан Сариев

Осы мәселеге байланысты Kazinform тілшісі Орал қаласы әкімдігіне арнайы сауал жолдаған еді.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, бұрынғы «Меркурий» сауда үйі аумағында көгалдандыру аясында ағаш көшеттері отырғызылған. Алайда қыс-көктем мезгілдерінде таудан түсетін су ағыны салдарынан аумақтың бір бөлігі шайылып, көшеттердің бірқатары сақталмаған.

 Оралда оталған ағаштардың орнына өтемдік көшеттер отырғызу нәтижесі неге көңіл көншітпейді
Фото: Дархан Сариев

Қазіргі уақытта көгалдандыру жұмыстарын жүйелеу мақсатында Деркөл және Зачаган кенттері, сондай-ақ қала аумағында нақты учаскелер белгіленіп жатыр. Алдағы уақытта көшеттер жоспарлы түрде отырғызылып, олардың күтіп-ұсталуы мен жағдайына тиісті бақылау жүргізіледі.

Екінші мәселе, «Ақжайық» шағынауданымен жалғастыратын «Шаған өзені арқылы өтетін көпір құрылысы» жобасын іске асыру аумағында жалпы саны 1 150 жасыл желек, соның ішінде ағаштар мен бұталар бар. Бұл мәлімет жасыл желектерді есепке алу актісіне сәйкес көрсетілген.

 Оралда оталған ағаштардың орнына өтемдік көшеттер отырғызу нәтижесі неге көңіл көншітпейді
Фото: Дәурен Сахариев

Қазіргі таңда нысан аумағында құрылысқа дайындық жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Жұмыс жүргізілетін аумақта кесілмеген шамамен 100 жасыл желек қалды. Оның басым бөлігі – бұталар, сондай-ақ көлемі әр түрлі ағаштар бар.

— Қолданыстағы талаптарға сәйкес кесілген әр ағаштың орнына 10 өтемдік көшет отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты жалпы саны 1 150 жасыл желекті ескере отырып, шамамен 11 500 дана өтемдік көшет отырғызу жоспарлануда. Өтемдік көшет отырғызылатын орын айқындалу үстінде. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды Орал қаласындағы «Ақжайық» тұрғын алабын дамытуға бағытталған жаңа жобалар аясында жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда. Өтемдік көшет отырғызылатын нақты орын мен жұмыстардың мерзімі белгіленген тәртіппен қосымша анықталып, тиісті ақпарат беріледі, — делінген ресми жауапта.

kaz.inform

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.15 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с