Оралда полиция қызметкерлері ер адамның өмірін сақтап қалды

Көпірдің қоршауынан арғы жаққа шығып кеткен шамамен 40-45 жастағы ер адамның бір аяғы төмен қарай салбырап, кез келген сәтте құлап кету қаупі төнген еді. 

Фото: Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінен

Оралда полиция қызметкерлері ер адамды құтқарып қалды. Орал қалалық патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Жолбаев Парасат Орал қаласында Депо аумағындағы көпірден жеке көлігімен өтіп бара жатып, қауіпті жағдайды байқаған. Ол сол күні демалыста болған.

Көпірдің қоршауынан арғы жаққа шығып кеткен шамамен 40-45 жастағы ер адамның бір аяғы төмен қарай салбырап, кез келген сәтте құлап кету қаупі төнген еді. Полиция қызметкері көлігін тоқтатып, дереу жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына хабар береді. Экипаж келгенше ол азаматпен сөйлесіп, оны сабырға шақырып, қауіпті әрекетін тоқтатуға тырысады. Көп ұзамай оқиға орнына патрульдік полиция батальонының инспекторлары Райымбек Қабылов пен Ғаламат Хайров келіп жетті.

Әр секунд шешуші мәнге ие болған сәтте полиция қызметкерлері жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, ер адамды құлап кетуден сақтап, қауіпсіз жерге алып шықты. Осылайша полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен батыл әрекетінің арқасында бір адамның өмірі аман қалды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.63 ℃
Днем5.02 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с