Қазақстандықтарға қоршау сыртындағы шөп үшін айыппұл салына бастады

Шілдеде күшіне енген жаңа абаттандыру ережесіне сәйкес, жеке үй иелері қоршаудан тыс 5 метр аумақта тазалық сақтауға міндетті. Талапты бұзғандарға 86,5 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған. 

Фото: Allcafe.ru

Қазақстанда үйінің қоршауынан тыс жердегі шөпті уақтылы шаппаған тұрғындарға айыппұл салынуы мүмкін. Шілдеде күшіне енген жаңа абаттандыру ережесіне сәйкес, жеке үй иелері қоршаудан тыс 5 метр аумақта тазалық сақтауға міндетті. Талапты бұзғандарға 86,5 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің түсіндіруінше, әйелге бұған дейін шығарылмаған күлге қатысты ескерту жасалған.

Жаңа ережелерге сәйкес, жеке үйлер мен ғимараттардың иелері қоршаудан сыртқа қарай 5 метр аумақта тазалық сақтауға міндетті. Талапты бұзғандарға 86,5 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Ал ереже қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 130 мың теңгеге жуықтайды.

Жаңашылдық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабымен, яғни абаттандыру ережелерін бұзумен реттеледі.

Алайда заңда шөпті нақты қанша метрге дейін шабу керектігі көрсетілмеген.

Қарағанды қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Жалғас Тұрсынов шөптің қанша метр болу керек екенін түсіндірді.

«Қарапайым тілмен айтқанда, шөп тізеден жоғары болмауы керек. Егер тұрғын егде немесе қарт адам болса, біз жазалаушы орган емеспіз, алдын алу сипатында жұмыс істейміз. Ескерту жасап қана қоймай, аудан немесе қала әкімдігімен бірлесіп, шөпті шабуға қандай да бір көмек көрсете аламыз», – деді Жалғас Тұрсынов.

Егер тұрғын салынған айыппұлмен келіспесе, оған шағым түсіруге болады.

Заңгер Илья Махлов мұндай жағдайда хаттамаға қол қоюды, бірақ оған өз келіспеушілігін жазып көрсетуді ұсынады.

«Егер бұл мүлде елеусіз құқық бұзушылық болса, іс жүргізуді тоқтатуға болады. Ал егер бұл салдарға әкеп соққан неғұрлым маңызды жағдай болса, онда оны даулауға мүмкіндік бар. Көп нәрсе полицияның әрекетіне де байланысты. Құқық бұзушылықтың өзі дұрыс рәсімделді ме, хаттама талапқа сай толтырылды ма – мұның бәрі маңызды. Бұл ретте қоршаудың ішіндегі қоқыс, шөп немесе басқа да қалдықтар жеке аумаққа жатады. Сондықтан тұрғынды өз ауласындағы жағдай үшін бұл талап бойынша айыппұлға тартуға болмайды», – деді заңгер.

Дегенмен полиция тұрғындарды қоршаудың ішін де, сыртын да таза ұстауға шақырады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с