БҚО-да балабақша есепшісі 30 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында балабақша бухгалтері өзіне заңсыз жалақы көтеріп, 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Прокуратура сотқа дейінгі тергеу бастады.

Фото: kursiv.media

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденді деп күдіктелуде.

Аудан прокуратурасының жүргізген тексерісі нәтижесінде балабақша есепшісі өзіне штаттық кесте бойынша бекітілген еңбекақыдан жоғары мөлшерде қосымша қаражатты өзінің банктік есеп-шотына 5 жыл бойы негізсіз аударып келгені анықталды.

Осы факт бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену), тергеу жүргізуді Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осы норманың санкциясы кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с