Фрэнк Монстрейге Қазақстаннан кейін Ресей де іздеу жариялады

2010 жылы ол Zhaikmunai компаниясының 40,5 пайыздық үлесін бақылаған. Zhaikmunai мұнай және газ конденсаты кен орындарын барлау және игеру бағытында жұмыс істейтін компания ретінде белгілі. Компания Қазақстандағы мұнай-газ жобаларына қатысып, Батыс Қазақстан өңіріндегі активтерімен танылған.

фото: frankmonstrey.be

Бельгиялық инвестор Фрэнк Монстрейге Қазақстаннан кейін Ресей Федерациясы да іздеу жариялады. Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігінің іздеу жүйесіндегі мәліметтерге сүйенген ҚазТАГ агенттігі жазды, деп хабарлайды «adyrna.kz«.

Ресей ІІМ-нің автоматтандырылған жүйесінде Фрэнк Монстрейдің іздеу карточкасында оның «Қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеуде» жүргені көрсетілген. Алайда әзірге іздеудің нақты қандай қылмыстық іс немесе бап бойынша жарияланғаны туралы толық ақпарат жоқ.

Бұған дейін Монстрей Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тарапынан да іздеуге жарияланған болатын.

Фрэнк Монстрей — Қазақстанның мұнай-газ секторында инвестициялық қызметімен белгілі бельгиялық кәсіпкер. Ашық деректерге сәйкес, 2010 жылы ол Zhaikmunai компаниясының 40,5 пайыздық үлесін бақылаған.

Zhaikmunai мұнай және газ конденсаты кен орындарын барлау және игеру бағытында жұмыс істейтін компания ретінде белгілі. Компания Қазақстандағы мұнай-газ жобаларына қатысып, Батыс Қазақстан өңіріндегі активтерімен танылған.

Монстрей сондай-ақ Nostrum Oil компаниясының акцияларының иелерінің бірі болған. Аталған компания да Қазақстандағы мұнай-газ активтерімен байланысты ірі инвесторлардың қатарында болды.

Қазіргі таңда Фрэнк Монстрейдің Қазақстан мен Ресейде іздеуде болуының нақты себептері туралы қосымша ресми мәліметтер жарияланған жоқ. Оның үстінен қандай іс қозғалғаны және екі елдегі іздеудің өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с