Қолма-қол төлем тоқтатылады: Қазақстандық жүргізушілер үшін не өзгереді

Реформаның басты мақсаты – төлемдердің ашықтығын арттыру, жүргізушілердің құқықтарын қорғау және сақтандыру жағдайларын реттеу кезіндегі күмәнді схемаларды болдырмау.

Фото: magnific.com

Қазақстанда көлік иелерін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін алу ережелері өзгереді. Енді жүргізушілер ақшаны тек банк шоты арқылы ала алады, ал қолма-қол төлемдер тоқтатылады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл өзгерістер қаржы нарығын цифрландыру мәселелері жөніндегі заңдарда қарастырылған. Осы құжаттармен «Міндетті сақтандыру туралы» Заңның 25-бабына түзетулер енгізілді.

«Басты жаңашылдық – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алуды қолма-қол ақшасыз нысанға көшіру, яғни қаражатты бенефициарлардың банктік шоттарына аудару», – деп атап өтті агенттік.

Реформаның басты мақсаты – төлемдердің ашықтығын арттыру, жүргізушілердің құқықтарын қорғау және сақтандыру жағдайларын реттеу кезіндегі күмәнді схемаларды болдырмау. Қолма-қол ақшасыз формат өтемақының тікелей зардап шеккен тарапқа түсетініне кепілдік береді.

Сонымен қатар жүргізушілерге ақшаны аудару немесе есепке жатқызу үшін қосымша қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Банк комиссияларына қатысты барлық шығындарды сақтандыру компаниялары өз мойнына алуға міндеттелді. Нәтижесінде жүргізушілер сақтандыру төлемдерін толық көлемде ала алады.

Өзгертулер 2026 жылдың 21 қазаннан бастап күшіне енеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с