Оралда қызды ұрып-соққан ер адам ұсталды
Оқиға Оралдағы клубтардың бірінде болған.

Орал қаласында ер адамның қызды ұрып-соғып жатқаны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралды.
Ондағы ақпаратқа қарағанда, оқиға Оралдағы клубтардың бірінде болған. Бейнежазбада ер адамның қызды ұрғаны, содан кейін бетіне ыдысты лақтырғаны көрінеді.
Бейне жарияланғаннан кейін құқық қорғау органдары ер адамның жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.
Оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 109-бабы «Ұрып-соғу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
