Оралда спорт алаңында баланың қайтыс болғаны үшін айыпталған сотталушы ақталды

2022 жылы 27 шілдеде Оралдағы спорт алаңында 11 жастағы Нұрамир Сапарбековті футбол қақпасы басып қалып, мерт болды. Іске қатысты айыпталушы ақталып шықты.

Төрт жылға созылған іс сотқа жетті. Бұған дейін іс бойынша «Орал» спорт клубының бұрынғы директоры айыпталған еді. Ал бұл сот процесінде болған жағдайға «Орал» спорт клубының спорт алаңдарына жауапты меңгерушісі жауап берді.

2026 жылғы 25 тамызда Орал қалалық сотында судья Абадан Мамыровтың төрағалығымен тараптардың жарыссөзі өтті. Мемлекеттік айыптаушы Ерасыл Ерғалиев сотталушыны кінәлі деп танып, оны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ оны сот залында қамауға алуды өтінді.

Сотталушы соңғы сөзінде болған жағдайға өкінетінін жеткізді. Алайда өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Ақболат Есеналиев

«Баланың көз жұмғанын түсініп, қабылдау ауыр. Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын. Болған оқиғаның өзін жоққа шығармаймын. Бірақ менің әрекетім немесе әрекетсіздігім осы қайғылы жағдайға себеп болды дегенмен мүлдем келіспеймін. Жобалық-сметалық құжаттама жобамен сәйкес келмеді. Бұл өте маңызды. Футбол қақпалары 2011 жылы пайдалануға берілген. Яғни, нысан салынған кезден бастап бұл жерде заңбұзушылық болған. Менің кінәм неде? Қақпаны мен жасаған жоқпын, оны мен орнатқан жоқпын. Соттан істегі дәлелдерге сенуді сұраймын. Менің әрекетімде қылмыс құрамы жоқ деп есептеймін. Әділ шешім шығарып, мені ақтауыңызды сұраймын. Соттың әділдігіне сенемін», – деді ол.

1 қыркүйекте судья Абадан Мамыров сот үкімін жариялады. Ол сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны кінәсіз деп танып, ақтау туралы үкім шығарды.

Содан кейін судья ақтау үкімінің не себепті шығарылғанын түсіндірді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне, прокуратурасына және облыс әкімдігіне жеке қаулылар шығарылғанын айтты.

Салтанат Есеналиева

«Сот барысында сотқа дейінгі тергеу органдары тарапынан заңның елеулі талаптары бұзылғаны анықталды. Тергеушілер сотқа дейінгі тергеу мерзімін формалды себептермен бірнеше рет тоқтатқан. Мысалы, сараптама тағайындалғанын айтқан, бірақ сараптама материалдары сарапшыларға мүлде жіберілмеген. Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне барлық спорт алаңдарының қауіпсіздігін тексеру туралы ұсыныс берілді. Ал Батыс Қазақстан облысының прокуроры мен полиция департаментінің басшысына тергеу барысында анықталған заңбұзушылықтарға байланысты шара қабылдау үшін жеке қаулы шығарылды», – деді судья.

Қаза болған баланың әкесі сот шешімімен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Оралда «Орал» спорт клубының бұрынғы қызметкері спорт алаңында баланың қайтыс болғаны үшін сотталуда

Спорт алаңының авторы: бала қайтыс болған қақпа жобаға сәйкес келмеді

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.83 ℃
Вечером4.9 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с