БҚО-да мал ұрлығының бірнеше дерегі ашылды

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Соттың санкциясымен екі азаматқа да «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

БҚО Шыңғырлау ауданында мал ұрлығының бірнеше дерегі ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шыңғырлау ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығының бірнеше дерегін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі адамның мал ұрлығының тоғыз дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бірнеше ай ішінде бес бас ірі қара мен алты жылқыны ұрлаған. Олардың арасында еркін жайылымда жүрген мал да бар.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 5 млн 460 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Соттың санкциясымен екі азаматқа да «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың мал ұрлығының басқа да деректеріне қатыстылығын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда. Сонымен қатар ұрланған малды іздестіру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-17
Утром11.35 ℃
Днем16.78 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью10.22 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.84 м/с
2026-10-18
Утром9.31 ℃
Днем14.88 ℃
Вечером12.8 ℃
Ночью10.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.13 м/с