Оралда есірткі таратқан шетелдік азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның есірткі заттарын таратумен айналысатын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

Оралда шетелдік азамат есірткі заттарын таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын жасырын орындарға орналастырып жүрген 33 жастағы шетелдік азаматты ұстады.

Ер адамның жеке басын тінту барысында өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған 12 орама, сондай-ақ екі телефон тәркіленді.

Сонымен қатар тексеру барысында осындай зат салынған тағы 13 орама анықталып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның есірткі заттарын таратумен айналысатын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істегені анықталды.

Тиісті сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат синтетикалық есірткі болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-17
Утром11.35 ℃
Днем16.78 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью10.22 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.84 м/с
2026-10-18
Утром9.31 ℃
Днем14.88 ℃
Вечером12.8 ℃
Ночью10.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.13 м/с