АЭС желеуімен келген бопса: «Росатом» қазақ уранына қатысты тосын талап қойды

Бүгінде «Росатомға» қатысы бар кәсіпорындарға Қазақстандағы уран өндірісінің шамамен 21 пайызы немесе 5,5 мың тоннасы тиесілі. 

Коллаж: Ertenmedia.kz

Атышулы «Росатом» Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті отынмен қамтамасыз ету сылтауымен еліміздегі уран кен орындарын игеру бойынша ұзақ мерзімді кепілдік талап етуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәскеу Қазақстанның стратегиялық шикізат нарығындағы ықпалын бірнеше онжылдыққа бекітіп алуға мүдделі.

«Росатомның» 60 жылдық жоспары: Сарапшы не жазды?

Тау-кен өндірісі саласының сарапшысы, бұған дейін «Қазатомөнеркәсіпте» еңбек еткен Телман Шүриев telegram-арнасында осыған қатысты маңызды деректі жария етті. Айтуынша, орыстар «Балқаш» АЭС құрылысы аясында Астанадан бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізуге ұмтылуда.

Әңгіме уран кен орындарын барлау мен өндіру құқығының мерзімін күрт ұзарту туралы болып отыр.

Сарапшы қазірдің өзінде көрші елдің отандық уран секторында айтарлықтай үлесі бар екенін, ал жаңа талап Ресейдің ықпалын тіпті арттыра түсетінін есептеп көрсеткен.

«Бүгінде «Росатомға» қатысы бар кәсіпорындарға Қазақстандағы уран өндірісінің шамамен 21 пайызы немесе 5,5 мың тоннасы тиесілі. Бұлар ма, бұлар «Ақбастау», «Қаратау», «Будёновское» және Оңтүстік кен-химия комбинаты. Басты назар жылына шамамен 6 мың тонна өндіруге тиіс «Будёновское» кен орнына ауысуда. Ресейлік тарап жаңа бірлескен кен орындары есебінен өндіру көлемін жылына 7–7,5 мың тоннаға дейін жеткізуді жеке құжатпен бекіткісі келеді. Оның үстіне, аталған міндеттемелер бірден 60 жылға есептелуі мүмкін», – деп жазды Тельман Шүриев.

Егер әлгі талап инвест келісімге енетін болса, Ресей жарты ғасырдан астам уақыт бойы еліміздің аса маңызды радиоактивті ресурсын өндіру құқығын иеленбек.

«Қазатомөнеркәсіптің» қарсылығы және ұлттық мүдде

Алайда Астана мұндай ауыр шартқа көнгісі жоқ. Қазіргі уақытта қос тарап өзара қолайлы нұсқаны табу бағытында күрделі келіссөз жүргізіп жатыр дейді.

«Росатом» уранды бірлесіп игеру үлесін арттыруды «Балқаш» станциясын салудың міндетті шарты ретінде қоюға тырысқанымен, бұған еліміздің ұлттық операторы қарсы шығуда.

Мәселенің түйіні заңнамалық шектеуде жатыр. Жаңа Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске сәйкес, радиоактивті металдар кен орындарын игеру мен барлауда «Қазатомөнеркәсіп» басым құқыққа ие. Шетелдік ойыншыға кен орындарын 60 жылға бекітіп беру ұлттық компанияның нарықтағы үстемдігін шектеп, елдің энергетикалық тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Өшірілген жазба және қоғамдық сауал

Тельман Шүриев аталған жазбасын кейіннен өшіріп тастағанымен, ақпарат желіге жедел тарап үлгерді. Бұған дейін мұнай-газ сарапшысы Абзал Нарымбетов те осы мәселені егжей-тегжейлі талдаған болатын. Айтуынша, «Росатом» Қазақстанның уран қорына көз салуын 2009 жылдан бастаған.

«Қазақстандағы уран қоры Кремльдің ядролық саладағы позициясын күшейтуге тікелей септігін тигізуде», — деген еді ол. Айта кетейік, еліміздегі ең ірі уран қоры әлі де «Қазатомға» тиесілі, шамамен 300 мың тонна (54 пайыз).

Соның алдында талай жыл бойы уран саласын басқарған Мұхтар Жәкішев Үкіметтің шикізатты шикі күйінде сатып, ел байлығын шашып жатқанына наразылық білдірген еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем12.21 ℃
Вечером9.18 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с