Қазақстанда жасанды интеллект кесірінен жойылатын мамандықтар аталды

Ведомство басшысының айтуынша, кейбір кәсіп иелерінің қызметіне деген сұраныс толығымен жоғалады. Олардың қатарында мәтін терушілер мен өңдеушілер, деректерді енгізуші қызметкерлер және корректорлар бар.

Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Технологиялар мен жасанды интеллект еңбек нарығын қарқынды түрде өзгертіп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында Қазақстанда жақын арада жойылып кетуі мүмкін мамандықтарды атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, кейбір кәсіп иелерінің қызметіне деген сұраныс толығымен жоғалады. Олардың қатарында мәтін терушілер мен өңдеушілер, деректерді енгізуші қызметкерлер және корректорлар бар. Сонымен қатар мамандықтардың басым бөлігі трансформацияға ұшырап, мүлдем жаңа бағыттар пайда болады.

Осыған орай, экономика салаларында болашағы бар мамандықтар алдын ала айқындалып, біліктілік талаптары мен білім беру бағдарламалары жедел жаңартылып жатыр. 2035 жылға дейін еңбек нарығындағы кадрларға деген қажеттілік, кадрларды ауыстыру мен жаңа сұранысты қосқанда, 2,9 миллион адамды құрайды. Оның 1,8 миллионы — жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар.

Ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында байқалады. Бұл ретте сұранысқа ие мамандықтар тізбесі 51-ден 174-ке дейін кеңейтіледі. Жаңартылған тізімге мынадай бағыттар енеді:

– Инженерия

– Құрылыс

 – Өңдеу өнеркәсібі

– Биотехнологиялар

– «Жасыл» энергетика

 – Ядролық энергетика

qrnews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-17
Утром11.29 ℃
Днем15.8 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью10.22 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.84 м/с
2026-10-18
Утром9.31 ℃
Днем14.88 ℃
Вечером12.8 ℃
Ночью10.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.13 м/с