БҚО-да 107 тонна өнімді заңсыз әкелу және транзиттеу әрекетінің жолы кесілді

Тасымалдаушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.

Фото: Батыс Қазақстан Ветеринариялық Инспекциясынан

«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен бірлесіп, ветеринария саласындағы заңнаманы бұзудың екі дерегін анықтап, жолын кесті.

Бірінші жағдайда Шешен Республикасынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласына 88 тонна бидай кебегін әкелуге жол берілмеді.

Тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттар мен таңбалаудың жоқтығы, сондай-ақ өнімнің қажетті термиялық өңдеуден өтпегені анықталды.

Екінші жағдайда Беларусь Республикасының Минск облысынан Ташкент қаласына бағытталған 19 тонна сүйексіз сиыр еті мен ет жартылай фабрикаттарының транзиті тоқтатылды.

Фото: Батыс Қазақстан Ветеринариялық Инспекциясынан

Қолайсыз эпизоотиялық жағдайға байланысты 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР АШМ Ресей Федерациясының жекелеген облыстары арқылы тиісті өнімдерді әкелуге және транзиттеуге уақытша шектеулер енгізген.

Жалпы салмағы 107 тонна өнімнің барлығы жөнелтілген жерлеріне кері қайтарылды. Тасымалдаушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Сонымен қатар ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері «Сырым» бекетінде 230 заңбұзушылық анықталып, 230 автокөлік кері қайтарылды. Жалпы сомасы 8,9 млн теңгені құрайтын 100 әкімшілік хаттама толтырылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-17
Утром11.35 ℃
Днем16.78 ℃
Вечером11.2 ℃
Ночью10.22 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.84 м/с
2026-10-18
Утром9.31 ℃
Днем14.88 ℃
Вечером12.8 ℃
Ночью10.69 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.13 м/с