Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төлем тағайындау тәртібі өзгереді

Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдерін 2026 жылғы 1 қазаннан бастап өзгерту жоспарланып отыр.

фото: Zakon.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу» және «Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кешенді тәсілін енгізу ұсынылды. Бұл қазақстандықтарға уақытша төлем алып қана қоймай, тұрақты табысын тезірек қалпына келтіруге, жаңа мамандық меңгеруге және еңбек қызметіне сенімді түрде оралуға мүмкіндік береді.

Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдерін 2026 жылғы 1 қазаннан бастап өзгерту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мерзімін алты айдан үш айға дейін қысқарту ұсынылды.

Қазіргі уақытта төлем мөлшері кейінгі 24 айда әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды.

1 қазаннан бастап жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшерін жеті ең төменгі жалақының 45%-ы деңгейінде шектеу жоспарланып отыр.

Құжат 25 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.88 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с