Мобильді аударым лимиті 2 млн теңгеге дейін артуы мүмкін

Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылау 1 қыркүйекке дейін жүргізілді.

 Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда мобильді банктік аударымдардың бір транзакцияға белгіленген лимитін 2 млн теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қолданыстағы лимит қандай

Қазір қазақстандықтар бір транзакция аясында 1 млн теңгеге дейін ақша аудара алады.

Ұлттық банктің тамыз айында «Ашық НҚА» порталында жариялаған қаулы жобасында жеке тұлғалар арасындағы операциялар лимитін 2 млн теңгеге дейін ұлғайту ұсынылған.

Қаулы жобасында тағы қандай өзгерістер бар

Құжатта мобильді төлемдердің банкаралық жүйесінде жаңа сервистерді дамытуға қатысты өзгерістер қарастырылған.

Сонымен қатар жоба:

  • алимент қаражатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғау тәртібін нақтылауды;
  • «Оңалту және банкроттық туралы» заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын әкімшіге борышкердің мүлкін сатудан түскен қаражатты есепке алу үшін ағымдағы шот ашуға қажетті құжаттар тізбесін айқындауды көздейді.

Жаңа лимит қашан енгізілуі мүмкін

Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылау 1 қыркүйекке дейін жүргізілді.

Қазір құжат мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде. Жаңа өзгерістер қазан айынан бастап күшіне енуі мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем12.21 ℃
Вечером9.18 ℃
Ночью9.96 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.49 м/с
2026-10-07
Утром10.81 ℃
Днем16.82 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.75 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.75 м/с