БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері осы бағытта 6 932 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері осы бағытта 6 932 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде:

– жергілікті атқарушы орган белгілегеннен тыс орындарда сауда жасаудың 1 013 фактісі;

– ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 365 фактісі;

– қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдірудің 5 554 фактісі анықталды.

Сонымен қатар санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау және олардың алдын алу мақсатында 2025 жылы облыс орталығындағы 50 контейнерлік алаң бейнебақылау камераларымен жабдықталған болатын. Бұл камералар Батыс Қазақстан облысы ПД Жедел басқару орталығына қосылған.

Бейнеаналитика жүйесі қоқыс контейнерлерінің толу деңгейін және адамдардың контейнерлердің сыртына заттарды қалдырып кету жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жыл басынан бері осы камералар арқылы 40 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – ортақ жауапкершілік. Осы ретте ПД қызметкерлері тұрғындарды санитарлық тазалық талаптарын сақтап, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, абаттандыру қағидаларын бұзбауға шақырады және бұл үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-11
Утром2.04 ℃
Днем4.02 ℃
Вечером2.77 ℃
Ночью1.99 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.51 м/с
2026-11-12
Утром1.77 ℃
Днем2.37 ℃
Вечером2.08 ℃
Ночью1.89 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.57 м/с