Қазақстанда жүргізушілердің медициналық тексеруден өту ережелері өзгереді

Медициналық комиссияның қорытындысын бірыңғай автоматтандырылған деректер базасына енгізу ұсынылды. Бұл мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Фото: kolesa.kz

Қазақстанда 65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексеруден екі жылда бір рет өтуі қарастырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізушілерге медициналық анықтама беру тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтарды медициналық тексеруден өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Өзгерістердің бірі қайта медициналық тексеруден өту тәртібіне қатысты.

“Медициналық комиссияның қорытындысын бірыңғай автоматтандырылған деректер базасына енгізу ұсынылды. Бұл мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар адамдар медициналық тексеруден екі жылда бір рет қайта өтуі тиіс. Бұл талап қазірдің өзінде «Жол жүрісі туралы» заңда қарастырылған”, – делінген хабарламада. 

Министрліктің айтуынша, өзгерістер медициналық тексеру нәтижелерін цифрлық жүйеде тіркеп, жүргізушінің көлік басқаруға жарамдылығы туралы ақпаратты уақытылы жаңартуға мүмкіндік береді.

Уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бұл мәліметтерге қол жеткізе алады. Бұл жүргізушінің көлік басқаруға рұқсатының жарамдылығын жедел тексеруге және ескірген немесе дұрыс емес ақпаратты пайдалану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 24 маусымдағы заң нормаларын іске асыру аясында әзірленген. Өзгерістер жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізу тәртібін реттейтін 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрыққа енгізіледі.

Құжат қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында 19 қазанға дейін жарияланды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.12 ℃
Днем2.52 ℃
Вечером1.98 ℃
Ночью2.06 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.59 м/с
2026-11-13
Утром4.12 ℃
Днем7.23 ℃
Вечером3.51 ℃
Ночью5.79 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.5 м/с