Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған

Сонымен қатар аталған азаматтың бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Фото: istockphoto.com

Оралда көлік басқару құқығынан айырылған тұрғын есірткіге масаң күйде қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға түнгі сағат 02:45 шамасында Орал қаласының көшелерінің бірінде болған. Полиция қызметкерлері Lada Largus автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Оралдың 30 жастағы тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.

Сонымен қатар аталған азаматтың бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Аталған бап бойынша 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, 1 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-11
Утром2.04 ℃
Днем3.81 ℃
Вечером3.06 ℃
Ночью2.67 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.51 м/с
2026-11-12
Утром1.79 ℃
Днем2.46 ℃
Вечером2.07 ℃
Ночью1.69 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.4 м/с