Орал әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматы жауапқа тартылды

Бақылау залында болған ер адам Қазақстан Республикасын балағаттап, оның атына қорлайтын сөздер айтқан.

Орал қаласы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 52 жастағы шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушы Стамбұл – Орал бағытындағы әуе рейсімен ұшып келгеннен кейін паспорттық бақылаудан өту кезінде анықталып, ұсталды. Бақылау залында болған ер адам Қазақстан Республикасын балағаттап, оның атына қорлайтын сөздер айтқан.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматты кезекші бөліміне жеткізіп, оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар шетел азаматымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Сот шешімімен шетелдік азамат құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  Сонымен қатар құқық бұзушыға алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасалды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.86 ℃
Днем2.52 ℃
Вечером1.98 ℃
Ночью2.06 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.59 м/с
2026-11-13
Утром4.12 ℃
Днем7.23 ℃
Вечером3.51 ℃
Ночью5.79 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.5 м/с