БҚО-да бір апта ішінде 10-нан астам мас жүргізуші ұсталды

Сонымен қатар көлікті басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйде көлік тізгіндеген 3 адам анықталды.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

БҚО-да бір апта ішінде 10-нан астам мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бір апта ішінде көлікті масаң күйде басқарған 10-нан астам жүргізушіні анықтады. Олардың ішінде екі шетел азаматы болған.

Анықталған жүргізушілердің жетеуі алкогольдік, ал үшеуі есірткілік масаң күйде көлік басқарған.

Сонымен қатар көлікті басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйде көлік тізгіндеген 3 адам анықталды.

Облыс жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін арнайы құрылғыны пайдаланудың 2 фактісі анықталды.

Аталған фактілер бойынша көлік жүргізушілеріне қатысты заң аясында шара қолданылды.

Осы ретте полиция жүргізушілерге жолда жүру ережелерін қатаң сақтау және көлікті масаң күйде басқаруға болмайтынын ескертеді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.86 ℃
Днем2.52 ℃
Вечером1.98 ℃
Ночью2.06 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.59 м/с
2026-11-13
Утром4.12 ℃
Днем7.23 ℃
Вечером3.51 ℃
Ночью5.79 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.5 м/с