Батыс Қазақстанда 45 мыңнан астам киік ауланды

Батыс Қазақстан облысында биылғы киік санын реттеу жұмыстары 1 қыркүйектен басталды.

фото: world-nan.kz

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың мәлім еткеніндей, жұмыстар негізінен Казталов және Жаңақала аудандарында жүргізіліп жатыр.

Нұрлан Сағынтайұлының сөзіне қарағанда, бұл істі «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ұйымдастыруда. Биыл түнгі ату жоқ. Киіктер тек кораль әдісімен аулануда. Инспекторлар 15 коральмен жұмыс істеуде. 

— Күні бүгінге дейін барлығы 45 250 бас киік ауланды. Киік етін 12 кәсіпорын қабылдауда. Олардың барлығы да Батыс Қазақстан облысынан, соның ішінде алтауы Жаңақала ауданынан. Киік еті Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында, Орал қаласына қарасты Круглоозерный ауылында және облыс орталығындағы Депо базарында саттыққа шығарылуда, — дейді Н.Рахымжанов.

Оның айтуынша, биыл жоспар жоқ. 2023 жылы 29 мың, өткен жылы 108,5 мың киік ауланған болатын. 

Өткен жылы өңірдегі «Кублей» кәсіпорны киік етінен консерві жасап шығарғаны белгілі. Биылғы жылы «Кублей» киік етін алмады. 

— Киік етін негізінен басқа өңірлер алып кетіп жатыр. Оралдың кәсіпкерлері бұған әзірге қызығушылық танытпай отыр, — деп қосты Н.Рахымжанов. 

Батыс Қазақстан облысында 2026 жылғы көктемде жүргізілген әуе санағы бойынша ақбөкен саны 2,7 млн басқа жетті.

Жыл басынан бері 19 мыңдай киік өлексесі табылып, жойылды.

kaz.inform.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.12 ℃
Днем2.52 ℃
Вечером1.98 ℃
Ночью2.06 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.59 м/с
2026-11-13
Утром4.12 ℃
Днем7.23 ℃
Вечером3.51 ℃
Ночью5.79 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.5 м/с