Қоңырау, хабарлама мен аңду: Қазақстанда сталкинг үшін қандай жаза қарастырылған

Сталкингке қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, кездесуге тырысу, адамның үйіне немесе жұмыс орнына бару, оны күтіп тұру және соңынан аңду жатады.

Фото: KatarzynaBialasiewicz/Getty Inages

Қазақстанда адамды қайта-қайта қудалап, келісімінсіз байланыс орнатуға тырысқандар 50 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. Сталкинг үшін заңда бірнеше жаза қарастырылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сталкингке қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, кездесуге тырысу, адамның үйіне немесе жұмыс орнына бару, оны күтіп тұру және соңынан аңду жатады. Адам байланыс орнатудан бас тартса да, оның соңынан қалмау қудалау белгісі болуы мүмкін.

Алайда әрбір қоңырау немесе хабарлама өздігінен қылмыс болып саналмайды. Құқықтық баға бергенде әрекеттің сипаты, қаншалықты жиі қайталанғаны, адамның келісімі болмағаны және оған келтірілген зиян ескеріледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзеу жұмыстарына тарту, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу немесе 50 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Бұдан бөлек, сот жәбірленушіні қорғау үшін қосымша шектеулер енгізе алады. Мәселен, Астана қаласында қаралған істердің бірінде сотталушы 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, оған алты ай бойы жәбірленушіні іздеуге, қудалауға және онымен байланыс орнатуға тыйым салынған.

Қылмыстық кодекстің 98-3-бабына сәйкес, сот адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілей алады. Істің мән-жайына қарай оған жәбірленушіні іздеуге, қудалауға, үйіне баруға, телефон арқылы сөйлесуге және басқа тәсілдермен байланыс орнатуға тыйым салынуы мүмкін.

Егер адам қайта-қайта қудалауға тап болса, қоңыраулар мен хабарламаларды өшірмей, сақтап қойғаны жөн. Олар құқық қорғау органдарына дәлел ретінде ұсынылуы мүмкін.

Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі адамның жеке шекарасын қорғауға және қудалаудың алдын алуға бағытталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-12
Утром1.12 ℃
Днем2.52 ℃
Вечером1.98 ℃
Ночью2.06 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.59 м/с
2026-11-13
Утром4.12 ℃
Днем7.23 ℃
Вечером3.51 ℃
Ночью5.79 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.5 м/с