БҚО-да суару жүйесін салуға бөлінген 251 млн теңге субсидия жымқырылған

Батыс Қазақстан облысында кәсіпкер агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бюджеттен бөлінген жүздеген миллион теңгені жымқырып, өзіне үй салып алған.

Фото: Бейнежазбадан

ҚМА мәліметінше, тергеу барысында күдікті өзінің бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырғаны тергеу барысында анықталған.

«Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған. Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған», делінген хабарламада.

Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды», делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-11
Утром2.04 ℃
Днем3.81 ℃
Вечером3.06 ℃
Ночью2.67 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.51 м/с
2026-11-12
Утром1.79 ℃
Днем2.46 ℃
Вечером2.07 ℃
Ночью1.69 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.4 м/с