БҚО-да дәріхананың есігін сындырған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеу барысында Ақсай қаласындағы дәріханалардың бірінің есігінің әйнек терезесін ер адамның сол маңда тұрған қоқыс жәшігімен ұрғылап, сындырып жатқаны анықталған.
Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 14 қазанда хабарлады. Ал қылмыстық оқиға 7 қазанда түнгі сағат 02:40 шамасында болғаны нақтыланады.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», делінген полиция хабарламасында.
