Батыс Қазақстанда мотоцикл аударылып, ер адам көз жұмды
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 қазанда сағат 18:40 шамасында Чапаев – Жаңақала – Сайқын автожолының 142-шақырымында болған.
Алдын ала дерек бойынша, SONLINK мотоциклін тізгіндеген ер адам мотодулығсыз жүрген. Мәстексай ауылына бағыт алған кезде ол көлік тізгініне ие бола алмай, мотоцикл аударылған.
Жүргізуші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды.
Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпаратты жарияламады.
